×

Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды

Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды

Қазақстан Президентінің бұрынғы экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz KASE платформасында жарияланған ресми құжатқа сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, 2025 жылдың 14 қазанындағы жалғыз акционердің шешімімен Канат Бақытұлы Шарлапаев директорлар кеңесінің мүшелігінен босатылды.

Қазір «Бәйтерек» АҚ директорлар кеңесіне тоғыз адам кіреді: Олжас Бектенов, Роман Скляр, Серік Жұманғарин, Мәди Такиев, Ерсайын Нагаспаев, Рустам Карайгошин, Мэри-Елен Берар, Дэниел Алан Витт және Манфред Грундке.

Айта кетсек, Қанат Шарлапаев бұған дейін 2022–2023 жылдары холдингтің басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болған.

2025 жылдың қыркүйегінде Шарлапаев Ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамынан да шығарылған еді. Сол уақытта ол Президенттің көмекшісі қызметінен босатылды.

Еске салайық, биыл ақпанда Мемлекет басшысының жарлығымен Канат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған болатын. Ал 2023 жылдың қыркүйегінен бастап ол Индустрия және құрылыс министрі қызметін атқарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

2026 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша Бірыңғай сатып алу платформасында 46 793 пайдаланушы тіркелді
Бұл жоба нарықтық өтімділікті айтарлықтай арттырып, инвесторлар базасын кеңейтеді деп күтілуде
Аналитиктер бұл оқиға Қазақстан үшін мұнай өндіру көлемін арттыруға қосымша мүмкіндіктер туғызуы мүмкін екенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →