×

Қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтар саны артты

Жүргізілген талдаулар автобустарда төлемдердің 97%-ы электронды жүйелер арқылы жасалатынын көрсетіп отыр

Қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтар саны артты
Сурет: fotobus.me

Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес, 2024 жылдың 1 мамырынан бастап қоғамдық көлікте 14 жекелеген санаттағы азаматтарға тегін жүру құқығы берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл шешім қала тұрғындары мен ұйымдардың көптеген өтініштерін ескере отырып қабылданған.

“Жалпы алғанда, жеңілдікпен 319 мың азамат қамтылды. Жеңілдік карталарын алу үшін қала аумағында арнайы 4 пункт ашылды. Олар: Абай, Тұран, Қаратау аудандарының әкімдіктерінде және Әл-Фараби алаңында орналасқан. Бұл бастама әлеуметтік тұрғыда көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету және қоғамдық көлік қызметтерін барынша қолжетімді ету мақсатында жүзеге асырылды. Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен арнайы қаулы қабылданып, 2024 жылдың 15 қазанынан бастап қоғамдық көліктерде қолма-қол төлем жүйесі жойылды. Енді төлемдер тек электронды әдістермен жүзеге асырылады. Олардың қатарына көлік карталары, QR-код, SMS, банк карталары, сондай-ақ NFC және Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay арқылы төлем жасау мүмкіндіктері кіреді”, – делінген Шымкент қаласы әкімдігі хабарламасында.

Жүргізілген талдауларға сәйкес, автобустарда төлемдердің 97%-ы электронды жүйелер арқылы жасалып келген, тек 3%-ы ғана қолма-қол ақшамен төленген. Бұл көрсеткіш жолаушылардың электронды жүйелердің тиімділігі мен ыңғайлылығын мойындағанын көрсетеді.

Аталған өзгерістер көлеңкелі ақша айналымын жоюға, қоғамдық көліктердің бекітілген уақытынан кешікпеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бейбіт Исабаев: Талдықорған тұрғындар үшін жайлы, әрі қолайлы қалаға айналуы керек
Кеше, 21:32

Бейбіт Исабаев: Талдықорған тұрғындар үшін жайлы, әрі қолайлы қалаға айналуы керек

Енді алдағы екі жылда облыс орталығын дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады
Инвестициялық жоба 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етті
Жиында алдағы төрт жылда еліміздің бас мүфтиі анықталды
Оған «ұсақ бұзақылық жасады» деп айып тағылған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →