×

Елден шығарылады деген Шерзаттың әпкесі халықтан кешірім сұрады

Елден шығарылады деген Шерзаттың әпкесі халықтан кешірім сұрады
BES.Media

Жақында «митингке үндегені үшін» деген айып тағылып, 15 тәулікке қамалып шыққан марқұм Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды  Qaz365.kz. 

Сонымен қатар Реимованы сот Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған. Бірақ адвокат Мейірман Шекеев заңсыздықтар бар екенін айтып, Шерзат Болаттың әпкесін елде алып қалуға күш салатынын айтқан еді.

Мен өмірден өткен Нұрқанат пен Шерзаттың әпкесімін. Сіздерден артық кеткен жерім болса кешірім сұраймын. Екі бірдей бауырымнан айырылу маған да оңай емес. Сол күні ашу үстінде болдым. Мені түсінесіздер деп ойлаймын. Біреу қорқытып, айтқызып жатыр деп ойламаңыздар. Өз қатемді білемін. Керсінше қазақ еліне бас иемін. Қолдауларыңызға алғыс шексіз. Елден кетпес үшін дұға етіп жатқан кісілер бар екен. Мұндай қайғыны дұшпаныма да тілемеймін, - деді Бақыт Реимова журналист Жан Ахмадиевке берген сұхбатында.

Еске салайық, бұған дейін Бақыт Реимованың кәмелетке толмаған баласы президенттен көмек сұрап, үндеу жолдаған еді.
Ал адвокаты Мейірман Шекеев алдағы жоспарларын айтқан болатын.

Біз енді жоғарғы сотқа жүгінеміз. Бас прокуратураға шағым айтамыз. Жоғарғы сот бұл қаулыны бұзады деген үміттеміз. Себебі бұл жерде халықаралық талаптар өрескел бұзылып отыр. БҰҰ-на шығамыз. Бұл жерде баланың құқығы өрескел бұзылды. Сонымен қатар Бақыт Рейімованың этникалық қазақ екені ескерілмеді, - дейді ол. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шешімді мен жалғыз қабылдамадым». 1 млрд жымқырды деген күдікпен ұсталған Мажағұлов мәлімдеме жасады
05.01.2025ж. 01:17

«Шешімді мен жалғыз қабылдамадым». 1 млрд жымқырды деген күдікпен ұсталған Мажағұлов мәлімдеме жасады

Есіл өзенінде «Солнце» субұрқағын тұрғызу кезінде шешімді Астана қаласының әкімдігі, қоғамдық кеңес мүшелері және қалалық мәслихат депутаттары қабылдағаны анықталды деп отыр
Болжамды әкесі табылды дедім, ол рас. Бірақ ол кісінің өзі бұл өмірде жоқ.
Ерлі-зайыпты «Жыл жұбы – 2024» номинациясын жеңіп алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →