×

Алматыда күзетшіні азаптап өлтірді деген күдікке ілінген экс-прокурордың ұлының ісі сотқа жетті

Алматыда күзетшіні азаптап өлтірді деген күдікке ілінген экс-прокурордың ұлының ісі сотқа жетті
кадрдан видео

Алматыдағы «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінде  күзетшіні аяусыз ұрып-соғып, айуандықпен өлтірді деген күдіктінің ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Ол Алматы қаласында сотқа қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-ші тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және Қазақстан Республикасы 147-бабының 5-бөлігі (адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз тарату) бойынша айыпталып, қамауға алынған болатын.

 Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталуда. Сонымен қатар тергеу сотталушыны өзінің танысы А-ға қатысты әлеуметтік желілер арқылы порнографиялық бейнероликтерді таратқаны үшін айыптайды, – делінген сот хабарламасында.

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, күдіктінің есімі – Асқар Тастандиев. Ол1994-1995 жылдары Жоғары Кеңестің депутаты болған Саламғазы Тастандиевтің ұлы. Әкесі бір кездері Талдықорған облысында прокурор болып жұмыс істеген. 

Көктемде күдіктінің жол талғамайтын көлікпен бірнеше рет күзетшіні басып, артынан сабап, басына секірген видеосы желіде тараған еді. Қайтыс болған марқұмның есімі – Нұрбол Қайыпбаев екенін жазған. Оның жасы – 30-да болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Qaznews24 паблигінің авторы екі айға қамауға алынды
Бүгін, 21:50

Qaznews24 паблигінің авторы екі айға қамауға алынды

Паблик авторы 17 қаңтарда ұсталған
Бұрынғы сарбаздың басына ота сәтті жасалып, инфекциядан толық айыққан
Тағлымды шара Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылды
Бұл арнаулы әлеуметтік төлем адам зейнетке шыққанда тоқтайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →