×

Бір жылда Қазақстанда 702 мың рет уағыз айтылған

Бір жылда Қазақстанда 702 мың рет уағыз айтылған
Батыржан Мансұров

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылды қорытындылады. Былтыр Қазақстанның мешіттерінде бас-аяғы 702 087 рет уағыз-насихат айтылған, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы МДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров мәлім етті.

Оның айтуынша,  әр жұма сайын, яғни, жылына 52 рет елдегі мешіттерде 117 739 рет жұма уағызы айтылған. Оны 1 803 053 адам тыңдаған екен. 

Бұдан бөлек, ел мешіттерінде 282 504 бесін уағызы, 301 844 кешкі уағыз айтылған екен. Осының бәрін қосқанда былтыр Мүфтият қызметкерлері халыққа 702 мың рет уағыз айтқан. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген 30 қазақ тілді және 12 орыс тілді Республикалық ақпараттық-насихат топ мүшелері өңірлерде жоспарға сай 335 кездесу өткізіп, оған 156 309 адам қатысты. Одан бөлек жоспардан тыс 61 кездесу өткізіп, оған 55 642 адам қамтылды. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстаздарының қатысуымен 105 бейнеуағыз әзірленіп, әлеуметтік желілерге жарияланды. Бүгінгі таңда оның жалпы қаралымы 2 миллионнан асты, - дейді Батыржан Мансұров.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда
Бүгін, 19:47

Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда

Биыл жағалаудағы санитарлық тораптар саны 8-ден 18-ге дейін көбейтіледі
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруі тиіс.
Ол қомақты қаражатты жымқырды деп айыпталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →