×

Жасұлан Темірбаев орыс тілінде шала сөйлегені үшін «Болашақ» бағдарламасына оқуға түсе алмаған

 «Вы разговариваете на русском с акцентом. Вы будете позорить Казахстан» деп айтты.

Жасұлан Темірбаев орыс тілінде шала сөйлегені үшін «Болашақ» бағдарламасына оқуға түсе алмаған
dr.jastemir/instagram.com

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде Жасұлан Темірбаев есімді азаматтың «Болашақ» халықаралық стипендиясына «орыс тілінде шала сөйлегенім үшін» өте алмадым дегені қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Ол комиссия мүшелерімен сұхбаты кезінде: «Орыс тілінде акцентпен сөйлегеніңіз үшін Қазақстанды ұятқа қалдырасыз» деген жауапты естіген.

Тіл мәселесі «Болашақ» бағдарламасына да жеткендей. Сұхбаттасу кезінде қандай тілде сұрақ қойса, сол тілде жауап беру керек. менің сұхбатым 90 пайыз орысша болды. Әрине, ол менің ана тілім емес. Мүмкін кішігірім қатемен сөйлеймін. Алайда орыс тілін жетік меңгергенмін деп санаймын. Ғылыми мақалаларды оқып, түсініп керек деңгейде аудара аламын. Бірақ комиссия мүшесі маған «Вы разговариваете на русском с акцентом. Вы будете позорить Казахстан» деп айтты. Осы дұрыс па? – дейді  Жасұлан Темірбаев. 

Ол АҚШ-қа спорт дәрігері мамандығына тапсырған. Үміткер 9 адамның жетеуі түсіпті. Жасұланның айтуынша, әріптестерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейі бұдан төмен, бірақ олардың орысшасы жақсы еді деп отыр. Осы ретте Темірбаев комиссия үміткерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін емес, орысшасына қараған секілді деген күмәні бар
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Бүгін, 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →