×

Белгілі күйші, сазгер Мұрат Сыдықұлы өмірден озды

Ол өнерпаздар отбасында дүниеге келген

Белгілі күйші, сазгер Мұрат Сыдықұлы өмірден озды
Фото: qazdauiri.kz

Танымал күйші, сазгер, жыршы ақын Мұрат Сыдықұлы өмірден өтті. Қаралы хабарды күйшінің туыстары растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұрат Сыдықұлы – 1940 жылы Арал ауданы, Бөген ауылдық кеңесіне қарасты "Қарашалаң" елді мекенінде балықшы, өнерпаздар отбасында дүниеге келген. 

Ол 1980 жылы өзінің отбасы мүшелерінен тұңғыш "Сыдықовтар жанұялық ансамблін" құрып аудан, облыс жұртшылығына концерттер беріп, өнер сүйер қауымның мақтанышына айналды. Халықтың, қазақ, орыс, батыс композиторларының және өзінің ән-күйлерін шебер орындайтын дәрежеге жетті.

Мұрат Сыдықұлы әндер, күй-толғаулар, өлең-жырлар жазумен 1958-1959 жылдардан бастап шұғылданған күйші, композитор, жыршы-ақын. Виртуоз орындаушы ретінде Республикалық, Бүкілодақтық, Халықаралық өнер байқауларының лауреаты. 

Оның Қазақстан композиторлар Одағынан жоғары бағаланған "Қайдасың сен", "Балықшы қыз", "Сыр гүлі", "Сырдария", "Шаттанамын", "Шалқи бер, дала", "Аққуым менің", "Майдангерлер мәңгі жасайды", "Туған жер" т.б. әндері мен "Арал толқыны", "Біздің Ғани", "Әке арманы", "Қайран ағалар", "Балдыз", "Өмір толғауы", "Тойға шашу", "Балтабай", "Мұраттың төкпесі", "Қос тұйғын" тағы басқа күйлері халқымыздың рухани байлығына қосылған асыл қазыналар. Көптеген туындыларын ауылдың әнші, күйші, жыршыларынан бастап еліміздің атақты өнер шеберлері орындап, облыстық, республикалық радио, телевизияның "Алтын қорына" жазылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Енді мүгедектігі бар азаматтарға арба мен балдақ жалға беріледі
Бүгін, 13:11

Енді мүгедектігі бар азаматтарға арба мен балдақ жалға беріледі

Енді арбалар, балаларға арналған жүруге көмектесетін таянғыштар, Брайль жүйесімен жазуға арналған құрылғылар және басқа да жабдықтар жалға беріледі
Қоғамда билікті ашық сынға алуға қатысты қорқыныш деңгейі жоғары
Ұлтына қалтқысыз қызмет еткен Мұхтар Шахановты халық ақтық сапарға шығарып салмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →