×

Алматылық 1 656 автобус жүргізушісінің құқығы бұзылған

Бұның салдарынан жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген

Алматылық 1 656 автобус жүргізушісінің  құқығы бұзылған
Сурет: gov.kz

Алматылық 1 656 автобус жүргізушісінің конституциялық құқығы бұзылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Түрксіб ауданының прокуратурасы мәлімдеп отыр.

“Қаланың ірі жолаушылар тасымалдаушысының 1 656 автобус жүргізушісінің конституциялық құқықтарына нұқсан келтірген еңбек заңнамасын бұзушылықтарды анықталды. Бұзушылықтар үстеме жұмыстардың шекті санынан асып кетуінен, ауысымаралық демалыстың ұзақтығының қысқаруынан және жүргізушілерге демалыс күндерін бермеуінен көрінді. Тасымалдаушының мұндай әрекеттері жол қауіпсіздігіне әсер етеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Талдау нәтижелері бойынша тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтар жойылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі таңда қызметкерлердің еңбек құқықтары толықтай қалпына келтірілген.

1

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте «DamDastour» халықаралық фестивалі өтті
Бүгін, 11:47

Шымкентте «DamDastour» халықаралық фестивалі өтті

Фестивальге қаладағы 50-ге жуық мейрамхана қатысты
Мерекенің шымылдығы «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты театрландырылған қойылыммен түрілді
Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, тұсаукесер, қыз айттыру, сүйінші сұрау, бастаңғы, беташар, төс қағыстыру, сүйек жаңғырту және басқа да қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс қойылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →