Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған Нұролла Сираджов ауруханаға жеткізілген жұбайы Муслюмат Сираджовамен қауышты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол палатаның босағасында тұрып, әйеліне қарап көзіне жас ерік берді. Yeni klinika медициналық мекемесінің баспасөз хатшысы Нұрида Аллахярова бұл қуанышты жаңалықты Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.
Видеода Нұролла бір күн бұрын клиникаға жеткізілген жұбайына барады. Палатаның босағасында тұрып, ол әйеліне қарап көз жасына ерік берген.
Айта кетсек, Сираджовтар отбасы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшатын рейс кезінде ұшақта болған. Нұролла Сираджов апат кезінде жұбайы Муслюмат қасында отырғанын, бірақ есін жиғанда оны көрмегенін айтқан болатын. Алғашқыда әйелдің апатта қаза болғаны туралы ақпарат тараған. Бірақ кейін оның аты тірі қалғандар тізімінен табылды. Ол Қазақстанда емделіп, 30 желтоқсанда Yeni Klinika ауруханасына эвакуациялаған.