×

9 жасар қыздың «жынын шығарамын» деген емшінің әрекеті министрлікте талқыланды

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жағдайды өз бақылауына алған

9 жасар қыздың «жынын шығарамын» деген емшінің әрекеті министрлікте талқыланды
видеодан кадр

Әлеуметтік желіде өзін «молдамын» деп 9 жасар қыздан жын шығарып жатқан ер адамның әрекетіне қатысты Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті атышулы іске қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұндай оқиғаға мүлде жол беруге болмайды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жағдайды өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта балаға оқиғаның салдарын барынша азайту мақсатында кәсіби психологиялық көмек көрсетілуде, – дейді министрлік.

Оқиға орнында балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жұмыс істеп жатыр. 

Баланың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндіретін кез келген мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін атап өту маңызды. Министрлік Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңдар мен нормаларды сақтау қажеттігін еске салады, – деп ескертті ведомство.

Айта кетейік, 9 жасар қыздың ішінен «жын шығарып» жатқан емшінің әрекеті әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бейнежазбада екі ер адам жерде жатқан баланың қолын байлап, тамағынан қысып жатқанын көруге болады. Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодағы Кейқуат Оспанов өзін жын шығарушы молда  ретінде санайды. Ол қыздың ішіндегі жынның мың жылдық екенін анықтап сұрайды. Қыздың сұрақтарға жауап бергенде жылап жатқаны көрінеді. Кейқуат Оспанов «жын шығару рәсімін» жүргізгенде, қызды байлап тастайды. Ал қыздың анасы бұл кісіге әлеуметтік желіден көріп-білгеннен соң келген екен. Сонымен қатар, келіншек емшіге келген күні 200-ден астам адам кезекте тұрғандығын айтты.

Алайда, кейінірек Кейқуат Оспановтың Атырау қаласындағы орталық мешіттің қауіпсіздік қызметкері, яғни күзетші болғаны белгілі болды.

Тіпті Кейқуат Оспанов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, бұл марапатты денсаулық сақтау министрлігі берген.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

2025 жылы декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер  8 млн адамға жүктеледі
Жоба 2025 жылғы 23 қаңтарға дейін жария талқылауға ұсынылып отыр
«Еңбек түбі – береке» деген мәтел өмір шындығына айналуы керек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →