×

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты халыққа көңіл айтты

Қазақ әдебиетінің үлкен бәйтерегі құлады

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты халыққа көңіл айтты
Фото: 24.kz

Қазақстанның халық жазушысы, айтулы ақын Мұхтар Шаханов өзімен аттас, замандасы Мұхтар Мағауиннің қазасына байланысты халыққа көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айналайын, халқым! Қазақ әдебиетінің үлкен бәйтерегі құлады. Мұхтар Мағауин өмір бойы ұлттың тарихына еңбек еткен адам. Осыған орай қазақ халқына көңіл айтамын, - деді Мұхтар Шаханов.

Еске салсақ, бұған дейін Дулат Исабеков өмірден өткен марқұмның аруағынан кешірім сұраған еді.

Айта кетейік, Мұхтар Мағауин мен Мұхтар Шаханов арасында ұзақ жылдар Шыңғысханға қатысты дау болған еді.

Әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, тарихи романдардың авторы Мұхтар Мағауин 10 қаңтарда (АҚШ уақытымен 9 қаңтарда) 85-ке қараған шағында қайтыс болған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
02.07.2025ж. 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →