×

Шерзаттың өліміне қатысты іс алдағы екі аптада сотқа жолдануы керек – депутат Абзал Құспан

Депутат журналистердің сұрақтарына жауап берді

Шерзаттың өліміне қатысты іс алдағы екі аптада сотқа жолдануы керек – депутат Абзал Құспан
Фото: ашық дереккөзден

Талғар ауданында адам қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс келесі апта немесе одан кейінгі аптада аптасында сотқа жолданады. Бұл туралы бүгін депутат, заңгер Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Өткен жылдың желтоқсан айында бізге «қаңтар айының аяғына дейін қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдаймыз» деген болатын. Іс бойынша күдіктілердің бәрі қамауда, олардың әрқайсысына  қатысты тиісті құқықтық баға берілді. Әзірге осы. Менің ойымша келесі апта, болмаса, одан кейінгі аптада іс сотқа жолдануы керек. Прокуратура органдары істі сотқа жолдар алдында брифинг өткізеді деген. Әзірге маған берілген ақпарат осы», - деді Абзал Құспан.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыстық іс 2024 жылдың аяғына дейін сотқа жолдануы мүмкін деген болжам айтқан. Журналистер Абзал Құспаннан бұл болжам неге жүзеге аспай қалғанын сұрады.

«Тергеудің өз қиындықтары бар. Мен прокуратура органдарында да жұмыс істедім, адвокат та болдым. Кейде жоспар жүзеге аспай қалады. Өйткені, жауап алатын куәгер келмей қалады. Сарапшылар маңызды сараптаманы уақытында аяқтап үлгермей жатады. Ал ол куәгер, не сараптамасыз істі сотқа жолдай алмайды», - деп түсіндірді Абзал Құспан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды
Кеше, 17:27

Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды

Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды.
Бұған дейін зейнеткердің ұлы қамауға алынған болатын. 
Жиын барысында облыстық цифрлық технологиялар басқармасы өңірде жүзеге асырылып жатқан бірнеше инновациялық жасанды интеллект жобалары туралы мәлімет берді.
Бұл туралы Отбасы банктің ресми сайтында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →