×

Көлікті 5 минуттан артық қыздырмау: даулы мәселеге қатысты экология министрі пікір білдірді

Кейінгі кезде осы жайлы әңгіме әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

Көлікті 5 минуттан артық қыздырмау: даулы мәселеге қатысты экология министрі пікір білдірді
Фото: Pexels

Көлікті 5 минут қыздырғаннан қоршаған ортаға көп зиян келе ме, әлде көлік кептелісінде мыңдаған көлік тұрғанынан көп зиян келе ме? Бұл сұрақ Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кейінгі кезде көлікті 5 минуттан артық қыздырмау туралы әңгіме әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Осыған орай министрден «кәсіпорындардан келген зиянды реттемей жатып, неге көліктермен алысып қалды» деген пікірге қатысты ойы сұралды.

Министр Ерлан Нысанбаев бұл ішкі істер министрлігінің тақырыбы екенін, ал өзі экологиялық тұрғыдан қолдайтынын айтты.

«Біз әрине, оны қолдаймыз. Бұл норма жалпы заңда бүгін пайда болған жоқ. 20 жылдан бері бар. Әрине, біз әр елдімекеннің экологиялық жағдайын түзеу мақсатында қолдаймыз. Бостан-бос қызып тұрған көлік, әрине, зиян келтіреді. Меніңше, бұл айыппұл салып, бюджетке түсімді көбейту мәселесі емес. Жалпы жан-жақты мәселені қарастырудамыз», – дейді Ерлан Нысанбаев.

Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, сөндірілмей тұрған көлік экологияға зиян келтіреді.

«Экологиялық жағынан қарағанда, сөндірілмей тұрған көлік экологияны ластайды. Сол себепті қос қолдап қолдаймыз. Айыппұл төлеу мәселесі біреуден шағым түсіп, ол дәлелденген жағдайда ғана төленеді. Бәрі реттелген. Сондықтан еш қорқыныш жоқ», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қажылыққа бармақшы болған 180 адамды алдаған наиб-имам екені рас па? ҚМДБ жауап берді
Бүгін, 02:19

Қажылыққа бармақшы болған 180 адамды алдаған наиб-имам екені рас па? ҚМДБ жауап берді

Jazеra travel компаниясына қатысты даулы мәселе құқық қорғау органдары тарапынан тексеріліп жатыр
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 
Үстеме бағалардың регрессивті шкаласы
Мемлекеттік награданы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →