×

Шымкентте ауданды жаңғырту тұжырымдамасы аясында алты отбасына жаңа пәтер берілді

Тұрғын үй дайын күйінде беріледі

Шымкентте ауданды жаңғырту тұжырымдамасы аясында алты отбасына жаңа пәтер берілді
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде Реновация бағдарламасы аясында көппәтерлі үйлердің тұрғындарын көшіру қарастырылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін қала әкімі Нұрлыбаев көшесінде тұратын тағы алты отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті. Пәтерлер «Green City» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Қала тұрғындарын қоныс тойларымен құттықтаған қала басшысы бұл шаралар қаланың көркейіп, тұрғындардың жағдайын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Айта кету керек, тозығы жеткен тұрғын үй иелері жаңа ғимараттан көлемі мен бөлмелері бірдей пәтер алады. Тұрғын үй дайын күйінде беріледі. Осылайша, өткен жылы қолға алынған шағын ауданды жаңғырту тұжырымдамасы тұрғын үй қорын жаңартудың заңды жалғасы болды. Нәтижесінде 14 отбасы тұрмыстық жағдайын жақсартты.

Еске салайық, Көксай шағын ауданын дамыту тұжырымдамасы аясында аумақты кезең-кезеңімен абаттандыру, сондай-ақ аудан әкімдігінің ғимараттары мен басқа да бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу жоспарланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
Кеше, 17:00

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды
Облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →