Диаспоралар Президентке үндеу жасады
Алматының татарлар мен башқұрттар диаспорасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, өздері отырған ғимаратты сақтап қалуға көмектесуді өтінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Диаспоралардың Президентке үндеуі
Бұған дейін Алматының татар және башқұрт диаспорасының өкілдері Татар-Башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы орналасқан ғимаратты рейдерлікпен басып алып жатыр деп мәлімдеген еді. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан ара түсуді сұраған. Қоғамдық орталықтар олар 10 жылдар бері отыр. Онда диаспора өкілдері білім бағдарламаларын оқытып, ұлттық дәстүрі мен салтын сақтау шараларын өткізеді. Екі диаспораның тілін үйретеді. Рашит Гезатуллин атты азамат ғимаратты қирағалы тұрған күйде алып, жөндеп, диаспора өкілдерінің игілігіне берген. Қазір орталықтың келешегі Жоғарғы сотта шешіліп жатыр.
«Біз орын беруге дайынбыз»
Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы аталған мәселе жөнінде түсініктеме берді.
— Қазіргі уақытта аталған ғимаратқа қатысты мәселе сот органдарында қаралуда және бұл шаруашылық субъектілері арасындағы дау ретінде қарастырылуда. Алматы қаласында этномәдени бірлестіктердің кабинеттері орналасқан және олардың жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған Достық үйі жұмыс істейді. Біз үшін Алматы қаласында тұратын татар және башқұрт халқының мәдени дәстүрлерін сақтау мен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған Татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы «Иделдің» өз жұмысын жалғастыруы өте маңызды, - деп түсіндірді басқарма.
Басқарма «Идел» орталығына қалалық Достық үйінен тегін негізде орын беруге дайын.
— «Идел» орталығының белсенділерін өз бірлестіктеріне қатысты туындаған барлық мәселелерді диалог және құқықтық алаң аясында шешуге шақырамыз, - дейді басқарма.