×

Шерзат Болат ісі: Бас прокуратура 11 күдікті мен 117 куәгер бар екенін айтты

Шерзат Болат ісі: Бас прокуратура 11 күдікті мен 117 куәгер бар екенін айтты
әлеуметтік желі

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғарда Шерзат Болаттың өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдарымен танысу кезеңі жүріп жатыр. Барлық сараптамалар мен бетпе-бет тергеулер аяқталды. Дәл қанша том бар екені әзірге белгісіз, іс бойынша 11 күдікті тіркелген. Тергеу аясында 39 сараптама тағайындалып, 117 куәгер мен жәбірленушіден жауап алынды, 90 диск қаралды, 36 тергеу жүргізілді. Бұл – үлкен көлемдегі материал, оны талдау үшін белгілі бір уақыт қажет,- дейді Ғалымжан Қойгелдиев.

Бұған дейін Шерзат Болаттың ісі бойынша тергеу аяқталғанын жазғанбыз. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаттары мәлімдеген еді.

17 қаңтарда Шерзаттың өліміне қатысты қышлмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы бізге тергеуден хабарлама келді. Енді біз қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз,- дейді Карина Көшербаева. 

Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген.

12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Осының алдында Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова елде қалатын болғаны туралы жазған едік.


 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады
Бүгін, 17:23

Ораза биыл қашан басталып, қашан аяқталады

30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →