×

Оралдан Астанаға ұшып шыққан FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты

Оралдан Астанаға ұшып шыққан FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты
Фото: FlyArystan

Fly Arysrtan ұшағы құстармен соқтығысып, салдарынан ұшақ қозғалтқышына көптеген зақым келген. Десе де ұшақ Астанаға аман-есен қона алды. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  Qaz365.kz. хабарлайды.

Ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқулар болмағандықтан экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонды.

Ұшақ келгеннен кейін сол қозғалтқыштағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжда көптеген зақымданулар анықталды, сондай-ақ құстардың қалдықтары қозғалтқышта және басқа жерлерде табылды. Орал әуежайында осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНК-тестілеуге жіберіледі, – деп мәлімдеді AirAstana баспасөз қызметі.

Air Astana компаниялар тобы авиациялық қауіпсіздікке қауіп төндіретін құстармен соқтығысу қаупін азайтудың маңыздылығына баса назар аударады. Бұған таяуда басқа әуекомпаниялармен болған оқиғалар дәлел бола алады. Осыған байланысты әуекомпания Қазақстан әуежайларында жабайы табиғатты басқару бағдарламаларын жақсарту үшін халықаралық сарапшылармен белсенді ынтымақтастық жасайды. Бұл ретте елдегі мұндай оқыс оқиғалардың деңгейі, IATA деректері бойынша, әлемдік көрсеткіштен едәуір асып түседі. 2024 жылы Air Astana компаниялар тобында 10 000 ұшуға құстармен соқтығысу көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 30% -ға өсіп, 203 оқиғаны құрады.

Air Astana әуежайларды ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптерді тиімді төмендету үшін қоршаған ортаны бақылау мен басқаруды қоса алғанда, белсенді шараларды енгізуге шақырады-, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда ветеринарлық құжатсыз ет сатқандарға қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды
Бүгін, 13:01

Қазақстанда ветеринарлық құжатсыз ет сатқандарға қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды

Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда елімізде 64 ветеринарлық бақылау бекеті жұмыс істейді.
Қымбат Досжан Жәнібектің биологиялық әкесі болуы мүмкін адам жайлы да пікір білдірді.
Бүгінде Алматыда 700 мыңнан астам жас тұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →