Қырғызстанда фамилияларындағы «-ов» немесе «-ев» жалғауды алып тастау басталды. Тиісті заң жобасын депутаттар қолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz
Жаңа заң жобасында фамилия мен әке атын жазудың жаңа нұсқалары ұсынылған:
Депутат Жұлдыз Садырбаева фамилиядағы -ов және -ев жалғауларының жойылуы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдіріп, осы мәселе бойынша түсінік беруді сұрады.
Жоба авторларының бірі Мирлан Самыйқожа бұрыннан бар емле, оның ішінде «ұлы» және «қызы» сөздерінің қолданысы сақталғанын түсіндірді. Ол сұраныс бойынша балама емле нұсқалары ұсынылатынын айтты.
Бір күн бұрын Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Шәкиев фамилиясын өзгертіп, Нұрланбек Тұрғынбекұлы болғаны хабарланған болатын.