×

СҚО-ға қоныс аударушылар неге еліне қайта қайтып кетеді

2016-жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысына 20 мыңға жуық адам көшіп барған

СҚО-ға қоныс аударушылар неге еліне қайта қайтып кетеді
Сурет: ortcom.kz

Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып, қайта көшіп кеткен 400-ге жуық адам сот арқылы мемлекетке 375 млн теңге көтермеақы қаражатын қайтаруға міндеттелді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

 Олардың барлығы 2023-2025-жылдары мемлекеттік көші-қон бағдарламасына қатысқан азаматтар. Тағы 70 қоныс аударушыға қатысты арыз сотта қаралады. 34 адаммен медиативтік келісім жасалып, олар алған ақшаны өз еркімен қайтаруға келіскен. 

“Олардың қайту себептері әртүрлі. Ауа райының қолайсыздығы бар, денсаулық жағдайы бар. Солтүстік Қазақстан облысы бізде республика бойынша ең жалақысы төмен болғандықтан, елдеріне қайтадан қайтып кетеді”, – деді Еңбек мобильдік орталығының бөлім басшысы Гүлғайша Ілиясова. 

2016-жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірден 20 мыңға жуық адам көшіп келген. Биыл тағы мыңға жуық отбасыға квота бөлінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты
11.07.2025ж. 20:08

Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты

Қапшағайдан басталған жұмыс сапары: Үкімет туристік аймақтарды тәртіпке келтіруге кірісті
Қазақстанда ниқаб киюге тыйым енгізілді ме?
ІІМ өкілдері азаматтарға жалған қызмет түрлеріне қатысты ескерту жасады.
Тарихымыз түгенделіп, барлық мәлімет объек­тивті түрде сараланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →