×

Қазақстанның арнайы жасағынан құралған командалар халықаралық жарыстан олжалы оралды

Арнайы бөліністер арасындағы бұл турнир биыл алтыншы рет өткізілді

Қазақстанның арнайы жасағынан құралған командалар халықаралық жарыстан олжалы оралды
ІІМ

Қазақстандық арнайы бөліністердің командалары Біріккен Араб Әмірліктерінен елге оралды. Халықаралық «UAE SWAT Challenge» жарыстарында мемлекет намысын қорғап, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Элиталық турнирдің жүлдегерлері мен қатысушыларын елорда әуежайында жақындары, әріптестері, сондай-ақ күштік құрылымдардың басшылығы салтанатпен қарсы алды.  

Жауынгерлеріміздің жетістігі - бұлжеке жеңістері ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Бұл еліміздің күштік құрылымдарының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиімді орындауға әрдайым дайын екендіктерін көрсетеді. Сіздер баршаға өз күштеріңізді, төзімділік пен кәсібиліктеріңізді көрсетіп, әлемдік деңгейде арнайы бөліністердің элитасы арасында еліміздің позициясын нығайттыңыздар, - деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Бес күн бойы өткізілген «арнайы жасақ арасындағы олимпиада» әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам команданы біріктірді. Қазақстанның күштік құрылымдарының атынан 12 команда қатысты. 

Әлемнің үздік жауынгерлері шынайы операциялар негізінде жасалған бес күрделі кезеңнен өтті. Әртүрлі тактикалық сценарийлер бойынша әзірленген сынақтар әлемдік стандарттарға сай жабдықталған Дубай полициясының оқу орталығының базасында жүргізілді. Бұл тактикалық операциялар, шабуылдау, адамдарды құтқару, биік нысандарды еңсеру және кедергілерден өту. 


Тартысты турнирде қазақстандық командалар жеделдік, ұйымшылдық, дәлдік және біліктіліктерін көрсетті. ІІМ «Сұңқар» командасы үш кезеңде жүлделі орынға ие болды - олардың екеуі «алтын». Жалпы көрсеткіш бойынша«Сұңқар» сайыпқырандары жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Басқа да командалар қазақстандық жанкүйерлерді жоғары нәтижелерімен қуантты. Екінші кезеңде Мемлекеттік күзет қызметінің «Sardar А» командасы «алтын» алса, ҚР ҰҚК-ның «Arystan Team» командасы екі кезеңде үздік үштіктен көрінді.

ҚР ІІМ-нің «Tomiris» әйелдер командасы ерекше көзге түсті. Қазақстан атынан нәзік жандылардың құрамасы мұндай жарысқа алғаш рет қатысуда. Бәсекелестіктің жоғарылығына қарамастан олар әйелдер командалары арасында 2-ші орынға ие болды. 

Арнайы бөліністер арасындағы бұл турнир биыл алтыншы рет өткізілді. Әр жыл сайын қатысушылар саны да артып келеді. Аталмыш сайысқа алғаш рет 2019 жылы ІІМ Ұлттық ұланының командасы қатысқан. 2023 жылдан бастап бұл қатарға еліміздің басқа да арнайы бөліністері белсенді түрде қосыла бастады. 

Өткен жылы қазақстандық арнайы бөліністердің арасында ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Sardar» командасы елімізге тарихи жеңіс – жүлделі үшінші орынды сыйлады. Олар тек Дубай полициясының екі командасына есе жіберген болатын. 

Турнир заманауи тәсілдер бойыншатәжірибе алмасуға, арнайы жасақтың дайындық деңгейі мен халықаралық ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізіп, жалпы жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға оң әсер етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Таразда жаңа көпірдің іргетасы қаланды
Бүгін, 17:55

Таразда жаңа көпірдің іргетасы қаланды

Нысан екі жеделсатымен жабдықталады
Өнерпаздарды дәстүрге сай Көрісу рәсімімен қарсы алды
Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →