×

«Төрт әйелі мен зәулім үйі бар». Имам туралы видео түсірген азаматқа қатысты сот шешімі шықты

Сот жаза тағайындау барысында құқық бұзушының кінәсін мойындауы мен шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алды.

«Төрт әйелі мен зәулім үйі бар». Имам туралы видео түсірген азаматқа қатысты сот шешімі шықты
видеодан скриншот

«Астана имамының зәулім үйі» туралы ақпарат таратқан ер адам айыппұл арқалады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін Б.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 73-3-бабының 2-бөлігі).

Тергеу барысында құқық бұзушы әлеуметтік желілерде зәулім үйдің бейнеролигін жариялап, оны халықтың қайырымдылыққа берген қаражатына салынғанын және Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін мәлімдегені анықталды. Бұл әрекеті арқылы ол жәбірленушінің ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқан.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйдің нақты кімге тиесілі екенін және қандай қаражатқа салынғанын білмейтінін түсіндірді. Ол бейнероликті тек қызығушылық үшін жариялағанын айтып, өкініш білдірді. Жәбірленуші соттан өзін қаралаған адамды заң аясында жазалауды сұрады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 73-3-бабының 2-бөлігіне сәйкес, құқық бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл (707 760 теңге) немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Сот жаза тағайындау барысында құқық бұзушының кінәсін мойындауы мен шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алды. Нәтижесінде, сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 180 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Алматы көшелері»: Almaty TV-де жаңа бағдарлама жарыққа шықты
Бүгін, 18:32

«Алматы көшелері»: Almaty TV-де жаңа бағдарлама жарыққа шықты

Үш жылда Алматыда 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →