×

Ресей Иреклі су қоймасынан Жайыққа екі есе мол су жібереді

Аймақта топырақта ылғал мол

Ресей Иреклі су қоймасынан Жайыққа екі есе мол су жібереді
Фото: ашық дереккөзден

Орынбор облысындағы Иреклі су қоймасынан Жайық өзеніне жіберілетін су көлемі 14 ақпаннан бастап артады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер Иреклі қоймасына судың мол келіп жатқанын айтып, «Росводресурсы» мекемесінен суды босату мөлшерін көбейтуді талап еткен.

Гидрологтардың деректері бойынша, аймақта топырақта ылғал мол, қардағы су қоры нормаға жақын. Жауын-шашын қалыпты түскен кезде қоймаға судың түсуі нормадан 70 пайызға дейін жоғары болады деп бағаланып отыр.

“Ауа райы мен «Росгидромет» болжамын ескере отырып, су босату көлемі секундына 100-120 текше метрге жетуі мүмкін. Федеральдық құрылымдар шешімді таяу уақытта қабылдауы керек деп есептеймін”, – деді Д.Паслер.

Ural56.ru сайтынан алынған мәліметке қарағанда, су босату көлемі 14 ақпан күні сағат 08.00-ден бастап секундына 110 текше метрге дейін жетеді. Бұл туралы шешім су қоймасы жұмысын реттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қабылданған.

«Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалының нақтылауынша, Иреклі қоймасынан Жайық өзеніне өткен жылдың 27 желтоқсанынан бері секундына 60 текше метр су босатылуда. Биылғы 11 ақпандағы мәлімет бойынша Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласы тұсында 157 см, Январцев бекетінде 233 см болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →