×

Жетісу облысына тартылған инвестициялар көлемі 1,4 есе өсті

Жеке инвестицияның үлесі 394 миллиард теңгені құрады

Жетісу облысына тартылған инвестициялар көлемі 1,4 есе өсті
Фото: Жеңіс Ысқабай

2024 жылдың қорытындысы бойынша аймақ экономикасына 522 миллиард теңге инвестиция құйылған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,4 есеге артық, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 394 миллиард теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдан 1,7 есеге өсті. Жалпы өткен жылдың қорытындысында қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша көрсеткіш облыста 114,8 % құрап, республикада 2-ші орыннан көрінді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының айтуынша, өткен жылы өнеркәсіп саласында 200 жұмыс орнын ашқан «Asma Industrial» өндірістік аккумуляторлар зауыты іске кірісті. Сонымен қатар біраз жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған майлы дақылдар өңдейтін «Жетісу Мажико» агрокешені былтыр қайта іске қосылды.  

- Ал биылғы жылдың жоспарына келсек, Талдықорғандағы «Қайнар АКБ» зауытының өнеркәсіптік аккумулятор батареяларын шығаратын жаңа жобасы іске асырылады. Жобаның құны 10 миллиард теңгеден асады, 150 жұмыс орнын ашу межеленген. Бұдан бөлек, биыл Кербұлақ ауданында ең ірі инвестициялық жоба тау-кен металлургия комбинаты іске қосылады. Құны 1,3 триллион теңге. Комбинатта 2000 жұмыс орны ашылып, жергілікті жұртшылықты жұмыспен қамтиды. Өткен жылы осы жоба бойынша теміржол желісі, қойма ғимараттары салынған болатын. Ал биыл құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Талдықорғандағы «Басқуат» жылыту қазандығының аумағында тұрмыстық қалдықты қайта өңдеуден өткізетін зауыттың құрылысы жүреді, келесі жылы құрылысты аяқтау жоспарда бар, - деді Б. Исабаев.

Өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті жайына тоқталған өңір басшысы  «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы облыстың экономикалық өсу нүктесі екенін атап өтті.

Мысалы, жыл басында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын заманауи зауыт салу жобасы іске асырыла басталды. Жобаның құны - 40 млн АҚШ доллары, 300-ден астам жұмыс орны ашылады.

Биылғы жылдың соңына қарай арнайы экономикалық аймақ аумағында «SKYHANSA» ЖШС заманауи үлгідегі әуежайдың құрылысы бастайды деп күтілуде. Жүк және жолаушылар терминалын қамтитын жоба қолға алынады. Оның құны 250 миллиард теңге.

Қысқаша айтқанда, 2025-2027 жылдары Жетісу облысында 120-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі атап өткендей, ел Президентінің тапсырмаларын ескере отырып,  өңірді дамытудың осы жылға арналған бірнеше негізгі бағыттары айқындалды. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өнеркәсіп секторын дамыту, туризм, цифрландыру салалары бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Энергия үнемдейтін қоспалары бар жаңа технология асфальтты –5°C дейінгі температурада төсеуге мүмкіндік береді
BYD – Қытайда 45 жыл ішінде «ақылды қала» тұжырымдамасын дамытып, жетістікке жеткен компания
Өңірде 146 жолға жөндеу жобасы жүзеге асырылып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →