×

«Басты күдікті анасы мен өзі және тағы 22 млн теңге жинап алған». Перизат Қайрат туралы жаңа деректер айтылды

«Басты күдікті анасы мен өзі және тағы 22 млн теңге жинап алған». Перизат Қайрат туралы жаңа деректер айтылды
Фото: instagram.com/01pk

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжілістің кулуарында блогер Перизат Қайраттың ісі туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, қараша айында агенттік «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен Перизат Қайраттың ұсталғанын хабарлаған еді.

Тергеу аяқталуға аз қалды. Жақын арада қылмыстық істің материалдарымен танысуға көшеміз. Ол қанша уақытқа созылатынын нақты айта алмаймын. Себебі ол қылмыстық процестің қатысушыларына байланысты. Қылмыстық іс заттай дәлелдерді санамағанда 100 томнан тұрады. Сот Перизат Қайраттың қамауда отыру мерзімін ұзартты,- дейді Жеңіс Елемесов.

Ол Перизат Қайраттың ісі бойынша басты күдікті өзі мен анасы екенін айтты. Анасы алаяқтыққа сыбайлас болып, қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінген.

Ал жалпы қылмыстық іс «Алаяқтық» бабы бойынша тергеліп жатыр. 

Бұған дейін Палестинадағы жағдайға қатысты және су тасқынына қайырымдылыққа жинаған ақшалары туралы айттық. Жақында жаңа эпизодты анықтадық. Перизат Қайрат мүгедек жандарға реабилитациялық орталық ашамын деп аукцион ұйымдастырып, тағы 22 миллион теңге жинап алған, - дейді агенттік өкілі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәлі Әлиевтің қарамағына өтті
13.01.2026ж. 09:44

Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәлі Әлиевтің қарамағына өтті

Сарай 2014 жылы салынып, 2016 жылы ресми тіркеуден өткен
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін арнайы бейімделген жұмыс орындары қарастырылған
Таудың жақындығы – қаланың басты бәсекелестік артықшылығы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →