×

Қазақстанда соңғы екі жылда 80 ауыл жойылып кеткен

Бұл – соңғы 25 жылдағы ең төменгі көрсеткіш

Қазақстанда соңғы екі жылда 80 ауыл жойылып кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Кейінгі екі жылда Қазақстан картасынан 80 ауыл жойылып кетті. Бұл туралы Мәжілісте ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында депутат Жигули Дайрабаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжіліс депутаты ресми деректерге сүйене отырып, былтырғы 1 қазанға қарай Қазақстан халқының 37,2 пайызы ауылдық жерлерде тұрғылықты тұрғанын айтты.

"Жыл сайын бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бүгінде Қазақстанда 6208 ауыл бар, ал 2023 жылы олардың саны 6286 болған. Осылайша, бар болғаны екі жыл ішінде 80 ауыл жойылды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр қазақстандық ауылдардағы көші-қон сальдосы минус 111 400 адам болған", – деді Дайрабаев.

Депутаттың айтуынша, бұл – соңғы 25 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

"Алматы және Атырау облыстарын қоспағанда, барлық өңірде көші-қон сальдосы нөлден төмен болды. Әсіресе, Түркістан облысындағы жағдай алаңдаушылық тудырады, бұл өңірден 29,2 мың адам көшіп кеткен", – деді мәжілісмен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Сенімен Болашақ» – бұл жай ғана ҮЕҰ емес, ұлттық құндылықтарды, отбасын, ағартушылықты және бірлікті дәріптейтін ұлттық қозғалыс
Ал неміс қария қырғыз жігітіне өзін таныстыра келе, қазақ емес екенін, Қазақстаннан келген неміс екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →