×

99,5 пайызға жетеміз: Жамбыл облысында биыл 23,6 млрд теңгеге жол жөнделмек

Өңірде 146 жолға жөндеу жобасы жүзеге асырылып жатыр

99,5 пайызға жетеміз: Жамбыл облысында биыл 23,6 млрд теңгеге жол жөнделмек
Сурет: ​ Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында биыл жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелері бойынша 417,1 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
​Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфрақұрылымды дамыту –  бұл мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Осы міндетті іске асыру аясында Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда.


 
​Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың айтуынша, 2024 жылы 16,5 шақырым жол салынып, 1 көпірдің құрылысы жүргізілді. 3 шақырым жол қайта жаңғыртылып, 690,4 шақырым жол орта жөндеумен қамтылған.
 
​Жол –  экономиканың күретамыры. Биыл өңірдегі жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 23,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 146 жол жөндеу жобасы жүзеге асырылады.

​Атап айтқанда, 17,7 шақырым жаңа жол салынады, 8 шақырым жол қайта жаңғыртылады, 391,4 шақырым жол орта жөндеуден өтеді.
 
​Жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаржының 3,4 млрд. теңгесі жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бағытталмақ.


 
​Биылғы жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 99,5 пайызға (2024 ж. - 99%), елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 89 пайызға (2024 ж. - 87%) жеткізу межеленіп отыр.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды
Кеше, 17:27

Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды

Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды.
Бұған дейін зейнеткердің ұлы қамауға алынған болатын. 
Жиын барысында облыстық цифрлық технологиялар басқармасы өңірде жүзеге асырылып жатқан бірнеше инновациялық жасанды интеллект жобалары туралы мәлімет берді.
Бұл туралы Отбасы банктің ресми сайтында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →