×

Абай облысында тағы 6 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді

Абай облысында тағы 6 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді
Абай облысының әкімдігі

Абай облысы, Жаңасемей ауданына қарасты Шақаман ауылында халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылары үшін жаңа пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Салтанатты шараға аудан әкімі Алмас Тастенбеков қатысып, жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, алдағы уақытта тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын айтты.

Тұрғындарды баспанамен қамту қашан да маңызды мәселе.Ауыл тіршілігін дамыту мақсатында ауылға кеңінен көңіл бөліп жатырмыз, -деді аудан әкімі.

2023-2029 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында Жаңасемей ауданында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.Сондай-ақ, Мұқыр, Бөкенші ауылдарында және Шаған кентінде екі қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова
Кеше, 10:27

Баян камзолды ұлттық мұражайға тапсырады — Меруерт Өтекешова

Дау тудырған бір камзолдың арқасында қазақ әйелінің бейнесін сахна мен экранда көрсеткен халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты
Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →