×

Семейде соққыға жығылған оқушымен психологтар жұмыс істеп жатыр

Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады

Семейде соққыға жығылған оқушымен психологтар жұмыс істеп жатыр
Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Семейде жоғары сынып оқушылары аяусыз соққыға жыққан балаға психологиялық көмек көрсетілуде. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысындағы өкілі Эльзира Жүнісова мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Балалар омбудсменінің өңірдегі өкілі қазіргі таңда соққыға жығылған оқушының қасында.

 Қазіргі уақытта жәбірленуші жасөспірімге ерекше назар аударылуда — ол арнайы орталықта мамандардың бақылауында. Психологтар мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл оған қажетті қолдау көрсетіп, оқиғадан кейінгі эмоционалдық әсерлерді жеңуге көмектесуде. Білікті мамандар жасөспірімнің психологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Ертең кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтеді, онда әрбір қатысушының әрекеті жеке қаралып, қажетті шешімдер қабылданады, - деп жазды Эльзира Жүнісова желідегі парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін мектеп оқушылары топ болып, қатарласын аясыз соққыға жыққанын жазғанбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО-да 3 аудан жаңа уақыт кестесіне көшті
Кеше, 17:51

ШҚО-да 3 аудан жаңа уақыт кестесіне көшті

Енді бұл аудандарда жұмыс күні әдеттегіден өзге уақытта басталады
бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы үшін
Сәресі мен ауызашар кезінде айтылатын дұға
Нәтижесінде қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →