×

Сәресі мен ауызашар дұғасы

Биылғы пітір садақасының мөлшері 655 теңге болып белгіленді

Сәресі мен ауызашар дұғасы
Сурет: коллаж/ ҚМДБ

Биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпаннан басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сәресі және ауызашарда оқылатын дұғаны жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сәресіде айтылатын дұға:

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауызашарда оқылатын дұға:

اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ ذَهَبَ الظَّمَأُ وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ وَثَبَتَ الْأَجْرُ إِنْ شَاءَ اللهُ

Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».

Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».

Еске сала кетейік,16 наурыздан 17-не қараған түн – Қадір түні; 20 наурыз – Ораза айт мерекесі тойланады. Айлардың сұлтаны Рамазан айы 2026 жылы 19 наурызға дейін жалғасады.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері 655 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жаңа мүмкіндіктер мекені: «Шығыс шақырады» жобасы қоныстанушыларды қабылдайды
Кеше, 16:19

Жаңа мүмкіндіктер мекені: «Шығыс шақырады» жобасы қоныстанушыларды қабылдайды

Бағдарлама төрт негізгі бағыт бойынша іске асырылады
Түрлі этнос өкілдері өзара қазақтың «көрісу» дәстүрімен құшақ айқастырып, бір-біріне ақ тілектерін айтты
Қатысушылар ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін арнады
Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар көрісу дәстүрін орындап, ақ баталарын берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →