×

Азық-түлік бағасын қолдан көтерген 4 мыңнан астам кәсіпкер жазаланды

Биыл елде 100 базар жаңартылады

Азық-түлік бағасын қолдан көтерген 4 мыңнан астам кәсіпкер жазаланды
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде жыл басынан бері 4384 кәсіпкер азық-түлікті үстеме бағамен сатқан. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

"2022 жылы 490 хаттама толтырылды, оның ішінде 310 хаттама үстеме баға қосу бойынша. 2023 жылы 1008 хаттама толтырылды, оның ішінде 760 хаттама сауда үстеме баға қосуға қатысты. Жыл басынан бері бағаны қолдан өсіргені үшін 4384 кәсіпкер жауапқа тартылды", — деді Айдар Әбілдабеков орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек Сауда комитеті жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын көтерген 691 кәсіпкерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. 

"Қазір Сауда комитетінде тағы 79 материал қаралып жатыр", – дейді ол.

Айта кетейік, биыл елде 100 базар жаңартылады. Алдымен Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері барлық базарды аралап, тексеріп шығады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО-да қоныс аударушыларға 362 миллион теңге бөлінді
Бүгін, 13:59

ШҚО-да қоныс аударушыларға 362 миллион теңге бөлінді

Қандастардың кәсіпкерлік бастамалары да мемлекеттің қолдауына ие болуда
Биылғы пітір садақасының мөлшері 655 теңге болып белгіленді
Экологияға келтірілген шығын 1,3 миллион теңгеден астам соманы құраған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →