×

Талдықорғандағы оқушылардың «қауіпті ойыны». Мектеп басшылары жазаланды

Оқушылар сыныптасын әжетханаға кіргізіп, оған отыруға бұйырады.

Талдықорғандағы оқушылардың «қауіпті ойыны». Мектеп басшылары жазаланды
Фото: pexels.com

Талдықорған мектептерінің бірінде болған оқушылардың «ойыны» желі қолданушыларын шошытты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Видео бір күн бұрын ғаламторға тарап кеткен. Оны балалардың өздері Tik-Tok аккаунтына жүктеген.

Оқушылар сыныптасын әжетханаға кіргізіп, оған отыруға бұйырады. Сосын әуретті жерін көрсетпек болады. Жасөспірімдердің мұндай әрекетке неге барғандары белгісіз.

Тәртіп сақшылары Талдықорғандағы Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясында болған оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтады. Балалар бұл жай ғана ойын екенін айтып, ақталған.

Полицейлер мектеп оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ал «ойыны осылғандардың» ата-аналары тәрбиелік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқушылар мен олардың ата-аналары анықталып, түсіндіру жүргізілді. Тараптардың бір-біріне ешқандай талабы жоқ. Ақпарат шешім қабылдау үшін Талдықорған қаласының полиция басқармасына берілді, - деді Талдықорған қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Ұлжанат Жақұбаева.

Сонымен қатар мамандар барлық мектептерде буллингтің алдын алу және психологиялық қолдау көрсету шаралары жүргізілетінін, тәртіптік бақылау күшейтілетінін атап өтті.

Талдықорған қалалық білім басқармасының басшысы Шынар Шәріпбаеваның айтуынша, оқиғаға қатысы бар балалар есепке алынған.

9-сынып оқушылармен әңгіме жүргізілді, қазіргі таңда балалардың психологиялық жағдайы тұрақты. Дүйсенбіден бастап сынып жетекшісі, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары жұмыстан кетеді. Ал мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды, дейді ол.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді
Кеше, 16:33

Қазақстанда Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілді
Тақырыптық киіз үйлер тігілді, әрбір үй тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғалар жайлы сыр шертті
Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →