×

Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда

Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Шымкент қаласында денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында жоспарлы жұмыстар қолға алынған. Шаһарда бүгінгі таңда екі ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Мұнда жылу жүйелері, желдеткіштер толығымен ауыстырылып, есік-терезелері жаңартылуда. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

№1 қалалық клиникалық ауруханасының ғимаратында жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен орындалып келеді. Бүгінде аурухананың А, Б, Г және шаруашылық блогында жөндеу жұмыстары аяқталып, В блогында жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ мамандандырылған бөбектер үйі және №2, №13 қалалық емханасында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бюджеттік ұсыным берілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен №4, №9, №10, №11 емханаларына жаңа ғимарат салу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
Бүгін, 17:00

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды
Облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →