×

Астанада 76 құрылыс нысанының жұмысы тоқтатылды

Құрылыс нысандарында ереже бұзылған

Астанада 76 құрылыс нысанының жұмысы тоқтатылды
kapital.kz

Астанада 76 құрылыс нысанында ереже бұзылғандықтан жұмыс тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүріп жатқан 76 нысан анықталғаны айтылды.

"Олардың қатарында: "Mars Project" ЖШС, "Aiz Kurylys" ЖШС, "Русалдинг Line" ЖШС, "Билдинг компани" ЖШС, "Expert Consulting Agency Kazakhstan" ЖШС, "Тауекел Инжиниринг" ЖШС, "Global Millennium" ЖШС, "Handan-Astana" ЖШС, "Oreol-Group" және т.б.

Рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жүргізетін субъектілердің бәріне жұмысын тоқтату туралы нұсқама беріледі әрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, тиісті жер құқығынсыз құрылысы жүріп жатқан 20 нысан (76 нысанның ішінде) бойынша сот органдарына демонтаждау бойынша талап арыздар беріледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қалада "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңының талаптарын сақтау бойынша бірқатар түйткілді мәселе бар. Сонымен қатар, қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың "қара тізімі" жүйелі түрде жарияланып тұратыны айтылды.

Құрылыс компаниялары үлескерлердің қаражатын мынадай жағдайларда ғана қабылдай алады:

  • тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу;
  • Екінші деңгейлі банктің жобасына қатысу;
  • тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

Егер қолданыстағы заңды бұза отырып, сізбен мәміле жасалған жағдайда, "Астана қаласы қалалық ортаның бақылау және сапа басқармасы" ММ уәкілетті органына хабарласу сұралады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Бүгін, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →