×

Азаптауға қарсы шара: Қазақстанда міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды

Бейнежазбалар дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін

Азаптауға қарсы шара: Қазақстанда міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды
Фотоколлаж AR / фото ehonews.kz / otyrar.kz

2023 жылғы 27 ақпанда Бас прокуратураның бастамасы бойынша қылмыстық қудалау органдары полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеу (жарақтандыру және пайдалану) қағидаларын бекітті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Бас прокуратусының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнебақылау жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің жүру маршруттары мен режимдік кабинеттерді де қамтиды.

Нақты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға және бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жедел шаралар қабылдауға құқығы бар адамдардың тізбесі қалыптастырылды.

Бұл шаралар Қазақстан ратификациялаған азаптауға қарсы халықаралық актілерге сәйкес келеді және тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмауға бағытталған.

Бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады.

Органдар басшыларының бейнебақылау жүйелерінің жарамдылық жай-күйін қамтамасыз ету, пайдаланудың материалдық-техникалық қамтамасыз ету және бейне архивтің сақталуы үшін тікелей жауапкершілігі көзделген.

Қағидалар Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді, бұл азаматтардың құқықтарының бұзылуына қарсы іс-қимыл жөніндегі тағы бір пәрменді тосқауылға айналды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды
Кеше, 17:05

Конгресс заманауи құрылғы ұсынушылар мен кәсіби мамандар арасында алтын көпір болды

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары
Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →