×

Тоқаев спорттағы жат діни ағымдарды тоқтатуға қатысты тапсырма берді

Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды

Тоқаев спорттағы жат діни ағымдарды тоқтатуға қатысты тапсырма берді
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде жат ағымдарға қатысты нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздегі діни ахуалға алаңдаушылық білдірген. Құрылтай мүшелері Дания Қыдырбаева және Олжас Сүлеймен жат діни ағымдардың жастар арасында, әсіресе спорт саласында ықпалы күшейіп бара жатқанын айтты. Мемлекет басшысы осы орайда теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет екенін тілге тиек етті.

Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру. Діни ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттар осы талапқа сай болуы тиіс. Бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Соның ішінде заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеп отыру өте маңызды, - деді Тоқаев.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жаңа мүмкіндіктер мекені: «Шығыс шақырады» жобасы қоныстанушыларды қабылдайды
Бүгін, 16:19

Жаңа мүмкіндіктер мекені: «Шығыс шақырады» жобасы қоныстанушыларды қабылдайды

Бағдарлама төрт негізгі бағыт бойынша іске асырылады
Түрлі этнос өкілдері өзара қазақтың «көрісу» дәстүрімен құшақ айқастырып, бір-біріне ақ тілектерін айтты
Қатысушылар ұлттық дәстүрге сай бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін арнады
Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар көрісу дәстүрін орындап, ақ баталарын берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →