×

“Бір адам бірнеше рет алған“: Тоқаев мемлекеттік марапаттарды ретке келтіруді тапсырды

Бурабайда Ұлттық Құрылтай өтіп жатыр

“Бір адам бірнеше рет алған“: Тоқаев мемлекеттік марапаттарды ретке келтіруді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың IV сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстанда марапаттарды ретке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Біз соңғы жылдары мемлекеттік наградалар мәселесін қайта қарап, бір жүйеге түсірдік. Енді ведомстволық (мекемелік) марапаттарды ретке келтіру қажет. Мемлекеттік органдар бұл жұмысты назардан тыс қалдырды. Нақты ереже жоқ, бәріне ортақ мәліметтер қоры да жоқ. Соның кесірінен кейбір марапаттар орынсыз таратылып жатыр. Тіпті, бір мемлекеттік органның төсбелгісін бір адам бірнеше рет алған жайттар да кездеседі.

Ведомстволық награда – нағыз білікті мамандарға ғана берілетін, сол арқылы кәсіби мәртебені көтеретін маңызды награда. Бұған бей-жай қарауға болмайды. Сондықтан мекемелік марапаттардың бірыңғай стандартын және тізімін жасау қажет. Әрине, әр мекеменің өз ерекшелігін ескерген жөн. Бірақ бәріне ортақ ұстаным болуы керек. Құзырлы органдарға осы шаруаны қолға алуды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Құрмет және алғыс: Өскеменде Жеңіс Парадына қатысушыларды салтанатты түрде қарсы алды
Кеше, 18:18

Құрмет және алғыс: Өскеменде Жеңіс Парадына қатысушыларды салтанатты түрде қарсы алды

Шығыс Қазақстан ардагерлері Астанадағы Жеңіс парадынан қайтып, құрметпен қарсы алынды
Былтыр Қарабалық ауданында 5000 ағаш көшеті отырғызылды. 
Облыс әкімі әуелі 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің шаңырағына барды
Олар маусым мен қыркүйек айлары аралығында қатынайды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →