×

Шешімін тапты: Алматы мектептері мен медициналық мекемелерде техникалық қызметкерлердің жалақысы көтеріледі

Депутаттар бұл ұсынысты бүгін бірауыздан қолдады

Шешімін тапты: Алматы мектептері мен медициналық мекемелерде техникалық қызметкерлердің жалақысы көтеріледі
Фото: © Depositphotos/4ex

Бүгін Алматы қаласы Мәслихатының кезекті XXVIII сессиясында мектептердегі техникалық қызметкерлердің жалақысын өсіру туралы ұсыныс қолдау тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл мәселені былтырдан бері Respublica партиясы депутаттары табанды түрде көтеріп келеді. Мәслихат депутаты Қайрат Бегалин бұл бастаманы бүгін Мәслихат қарауына енгізді. Депутаттар бұл ұсынысты бүгін бірауыздан қолдап, шешім қабылдады.

“Былтыр жыл бойы және биылғы жылдың басынан бері мектептерді тұрақты түрде аралап, жұмыстарын сараптап келеміз. Қызметкерлердің еңбегінің маңыздылығы мен көлемін ескере отырып, еңбекақыларын арттыруды аса қажетті деп есептейміз. Бүгін біз маңызды мәселе алдында тұрмыз. Ол тек мұғалімдердің ғана емес бүкіл білім беру ұйымдарына қатысы бар көмекші және техникалық персоналдың жалақысын арттыру. Көмекші персоналдың үлесінсіз оқу процесін сапалы ұйымдастыру мүмкін емес. Осыны әділ бағалауымыз керек. Біз әріптестерімізбен денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту комиссиясы бұл бастаманы толық қолдауды сұраймыз. Сондықтан әріптестерімді осы маңызды мәселені қолдауға шақырамын”, - дейді Қайрат Талапұлы. 

Сессияда Алматының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген 2025 жылдың алғашқы нақтыланған бюджет жобасы таныстырылды. Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, нақтыланған бюджет әлеуметтік сала шығындарына 51,5 млрд теңгеге өскен. Осылайша, жалпы сомасы 945,8 млрдтеңгеге жетіп, қалалық бюджеттің 38,6%-ын құрап отыр. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, 2015 жылдан бері алғаш рет медицина-әлеуметтік мекемелердің (медицина қызметкерлерінен басқа) 1 632 қызметкеріне 30%-дық үстеме ақы белгіленді.

Айта кетейік, бұл мәселе ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау  2024 жылы Алматыға қызметтік іссапарлары барысында да көтерілген болатын. Одан бұрын 2023 жылы Нұргүл Тау Наурызбай ауданындағы Инновациялық технологиялар орталығында білім қызметкерлерімен кездесуде бұл сұрақ көтеріліп, партия өкілдерінің назарына ұсынылған. 

 Бүгін Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы ұсынысты қолдап, дауыс беруге шақырды. Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдар аталған шешімді жүзеге асыру бағытында жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Бұл бухгалтерлерді, кітапханашыларды, психологтарды, логопедтерді, әлеуметтік қызметкерлермен техникалық персоналды қамтитын 20 314 маманға әсер етеді. 

Жалақының көтерілуі 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап іске асады. Алматы қаласы білім беру мекемелеріндегі психолог мамандар, еден жуушы, аула тазалаушы, сантехник, плотник, электрик секілді қарапайым жұмысшылардың жағдайы жиі көтеріледі. Білім саласындағы ең ауыр физикалық тұрғыдан жұмыс атқаратын еңбеккерлердің мүддесі ескерілмей келген. 

Айталық, мектептердегі еден жуушы 82 мың теңге, электрик  81 мың теңге, аула сыпырушы 79 мың теңге айлық қарастырылса, қолға тиетін айлық жалақысы 70 мың теңгеден 82 мың теңге аралығында болып келеді. Білім беру ұйымдары бюджеттік еңбек  ұжымдарының барлығында осы сұрақ ең жиі айтылады. Енді бұл сұрақ Respublicaпартиясы депутаттарының бастамасымен оң шешімін табады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қонаев қаласында «Достық» аллеясы ашылды
Бүгін, 21:02

Қонаев қаласында «Достық» аллеясы ашылды

Шара аясында 150-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылды
Шаралар легі орталық алаңда театрландырылған қойылыммен басталды
Ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихымызды дәріптейтін көрмелер қойылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →