×

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары 65 дана жаңа техника алды

Сондай-ақ қызметтік пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табыс етілді 

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары 65 дана жаңа техника алды
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Qaz365.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановпен бірге Өскемен қаласының орталық алаңында құтқарушыларға және «Қазселезащита» ММ қызметкерлеріне 65 дана жаңа техника мен қызметтік пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыс етті. 

Аймақ басшысы атап өткендей, бүгінгі күні құтқарушылардың аймақтық бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан жабдықтауға ерекше көңіл бөлінуде, және алғаш рет өңірлерде осындай көлемдегі техника бір уақытта аудандарға таратылады.

“Бұл техниканың мобильділігі мен әрекет ету жылдамдығына тікелей әсері бар. Құтқарушыларымыздың демалысы жоқ, қыста олар жоғары өтімді көліктермен қар құрсауында қалған жандарға көмек көрсету үшін әрекет етеді, сондай-ақ орман өрттері мен су тасқыны секілді төтенше жағдайлар кезінде де осы техниканы қолданады”, – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

Сонымен қатар, ТЖ министріне өңірлік бөлімше қызметінде цифрлық технологияларды қолданудың сәтті үлгісі көрсетілді. Қазіргі уақытта төрт бағыт бойынша деректер бір ақпараттық жүйеге жиналады:

  • су тасқыны қауіпі бар елді мекендер,
  • гидропосттардан алынған ақпарат,
  • жоспарлы инженерлік-техникалық жұмыстар,
  • су тасқынына қарсы іс-шаралар.

Осындай жүйе арқылы жедел штаб су тасқыны қауіпі бар аймақтарды, қандай гидротехникалық құрылымдарды, арналарды және көпірлерді тазарту қажет екенін, қай елді мекендер су тасқыны қаупінде екенін нақты түсінеді. Сондай-ақ бұл жүйеге өзендердегі су деңгейі туралы ақпарат енгізу жоспарланып отыр, бұл мүмкін су тасқынының алдын ала болжамын жасап, жағалауды нығайту жұмыстарын және арналарды тазартуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың інісі амнистияға ілігу мүмкіндігін пайдаланбақ
Бүгін, 12:03

Қуандық Бишімбаевтың інісі амнистияға ілігу мүмкіндігін пайдаланбақ

Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 
Алматы облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрдайым басты назарда.
Бұл постқа пікір жазғандар да мұндай мәселенің бар екенін айтып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →