×

WhatsApp жаңа функцияларын жариялады

WhatsApp-қа енген жаңа мүмкіндіктер

WhatsApp жаңа функцияларын жариялады
pixabay.com

WhatsApp топтық чаттар,өзара әңгіміден қоңыраулар және арналарда қолданушылардың жалпы тәжірибесін жақсартуға бағытталған жаңа жаңарту пакетін таныстырды. Бұл мүмкіндіктер қолданушылардың жылдам байланысуын жеңілдетуге, өзара әрекетті күшейтуге және хабарламаларға бақылауды арттыруға арналған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа функциялар екеуара әңгімеден бастап топтық чаттарға, арналарға және видеоқоңырауларға дейінгі көптеген процестерді қамтиды.

WhatsApp-қа енген жаңа мүмкіндіктер:

- Топтық чаттарда желіде екенін көрсету индикаторы
- Топтық чаттардағы хабарламаларды ерекше ету (белгілеу)
- Жеке сөйлесулерде оқиға (мереке, кездесу) құру мүмкіндігі
- Реакцияларға қайта жауап беру
- iPhone-да құжатты сканерлеу
- iPhone-да WhatsApp-ты негізгі хабарламалар мен қоңырау шалу қосымшасы етіп қою
- iPhone-да видеоқоңырауда экранды жақындату мүмкіндігі
- Тұрақты әрі сапалы видеоқоңыраулар
- Арналарда 60 секундтық қысқа видео түсіріп бөлісу
- Арналардағы аудиожазбаларды мәтінге айналдыру (транскрипция)
- Арналар үшін QR код жасау мүмкіндігі

Ең басты жаңалықтар:

1. Топтық чаттарда кім онлайн екенін көрсету

Енді WhatsApp топтық чатта нақты уақытта қанша адамның желіде екенін көрсетеді. "Онлайн" деген индикатор топ атауының астында көрсетіледі. Сонымен қатар, топтық чат хабарламаларынан шаршаған қолданушылар үшін хабарлама ескертуін баптауға болады. Жаңа опция арқылы барлық хабарламаны немесе тек маңыздысын (аты аталған кезде, жауап келген кезде, контактіден хабарлама келгенде) ғана көре аласыз.

2. Оқиға (мереке, кездесу) құру мүмкіндігі

Бұрын тек топтарда ғана болған "Оқиғалар" енді өзара әңгімелесуге де келді. Енді едамдық өзара әңгімелесуде:

  • Оқиға құра аласыз;
  • Қатысушылар статусын белгілей аласыз (мысалы: барады/бармайды/бәлкім);
  • Оқиғаны чатта бекітіп қоя аласыз.

3. Реакцияға жауап беру

Енді біреу хабарламаға реакция қалдырса, сол реакцияны басып тұрып, өз реакцияңызды қосуға немесе сол эмодзиді таңдауға болады.

4. Видеоқоңыраулар сапасын жақсарту

WhatsApp видеоқоңырау сапасын арттырды:

  • Видео мен дыбыс кешігуді азайтты;
  • Интрнет жылдамдығына қарай HD сапасына автоматты көтеріледі;
  • Байланыс тұрақтылығы артты.

5. iPhone-ға арналған жаңалықтар

  • Видеоқоңырауда экранды екі саусақпен жақындатуға болады;
  • WhatsApp-ты iPhone-ның негізгі хабарлама және қоңырау шалу қосымшасы ретінде орнатуға болады;
  • Құжатты бірден сканерлеу мүмкіндігі бар.

6. Арналардағы жаңа мүмкіндіктер

  • Арна әкімшісі 60 секундтық қысқа видео түсіріп, тікелей бөлісе алады;
  • Аудиожазбаларды мәтінге автоматты түрде айналдыра алады;
  • Каналға QR код жасап, бөлісу оңайлайды.


WhatsApp болашағы қандай?

Meta компаниясы алдағы уақытта WhatsApp мессенджерін толыққанды платформаға айналдыруды көздеп отыр. Әсіресе:

- Жасанды интеллект арқылы смарт-боттар енгізу;
- Мәтінді, суретті, дауысты автоматты аудару;
- Жұмыс процестерін автоматтандыру;
- Сауда-саттық пен қызмет көрсету жүйесін дамыту жоспарлануда.

Meta компаниясы WhatsApp-ты қарапайым хабар алмасу құралы емес, нағыз мультимедиалық, интерактивті платформаға айналдыруда. Болашақта бұл мессенджер арқылы жұмыс істеу, оқу, сатып алу, ақпарат бөлісу одан да ыңғайлы болмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →