×

Киік атудан бас тартқанымыз жоқ – экология министрі

Қазір 4 миллиондай киік бар

Киік атудан бас тартқанымыз жоқ – экология министрі
Фото: ашық дереккөзден

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктердің санын реттеу мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Киіктің орта есеппен алғанда ғұмырының ұзақтығы бар-жоғы 4-5 жыл. Ең көп өмір сүру мерзімі – 8-10 жыл. Әр жылы қыс кезінде ауру себебінен киіктердің біразы өледі. Бүгінге дейін табылған өлекселердің саны 21 400-дің маңайында. Бұл жалпы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды облыстарын есепке алғандағы көрсеткіш. Өлекселердің ең көп саны, яғни 15 мыңға жуығы Ұлытау облысынан табылған. Тиісті ветеринарлық қызметтер сынамалар алды, ешқандай қауіпті аурудың бары анықталған жоқ", - деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, қазір 4 миллиондай киік бар.

Журналистер "Киікті атудан бас тарттыңыздар ма?" деп нақтылады.

"Киік атудан бас тартқанымыз жоқ. Әзірше Президенттің берген тапсырмасы бойынша тұрмыз. Бірақ бізге ғылыми негіздеме керек. Онсыз еш іс-қимыл жасай алмаймыз. Келесі аптада белгілі болады", - деді Экология және табиғи ресурстар министрі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
Бүгін, 17:00

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды
Облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →