×

ШҚО-да қала мен аудандар әкімдерінің жұмысы 2025 жылға арналған KPI көрсеткіштерінің орындалуы бойынша бағаланады

KPI құрамына 2025 жылға арналған қалалар мен аудандардың ірі әрі маңызды жобалары енгізілді

ШҚО-да қала мен аудандар әкімдерінің жұмысы 2025 жылға арналған KPI көрсеткіштерінің орындалуы бойынша бағаланады
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімі мен Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары әкімдері арасында қалалар мен аудандар әкімдерінің қызметін бағалау рейтингі нәтижелері бойынша меморандумға қол қойылды. Бұл бағалауда KPI көрсеткіштерінің орындалуына басты назар аударылатын болады, деп хабарлайды Qaz365.kz

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы бойынша іс-шараларды сапалы жүзеге асыру және әрбір әкім үшін сандық немесе пайыздық мәндегі негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI, Key Performance Indicators) анықтау мақсатында облыстық жұмыс тобы өңірдің қала және аудандарына іссапармен аралады.

KPI құрамына 2025 жылға арналған қалалар мен аудандардың ірі әрі маңызды жобалары енгізілді. Бұл жобалар экономиканың өсуіне, жұмыс орындарының құрылуына және салық түсімдерінің артуына елеулі үлес қосады.

"Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қалалар мен аудандар әкімдерінің қызметін бағалау рейтингінің қорытындысын шығару механизмін өзгерту бойынша ұсыныс енгізу қажет. Бұл рейтингте KPI көрсеткіштерінің орындалуына басымдық берілуі тиіс. Әр әкімге 2025 жылға арналған салық түсімдерінің өсуін қамтамасыз ету және төрт нақты жобаны жүзеге асыру бойынша көрсеткіштер белгіленген", – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Меморандумға облыс әкімімен қатар, Өскемен, Риддер, Алтай қалаларының, сондай-ақ Алтай, Самар, Үлкен Нарын, Марқакөл, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарының әкімдері қол қойды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мұрат Әбілда қайта қамауға алынды
Бүгін, 12:52

Мұрат Әбілда қайта қамауға алынды

Сотта блогердің ісі қайта қаралды
Бүгінгі брифинг Шымкенттегі мәдени өмірдің тағы бір белесіне қадам басқанын көрсетті
Ауқымды тазалық шарасы Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Нұрсәт шағын ауданында да ұйымдастырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →