×

26-сәуірден бастап Алматыда Желтоқсан көшесі бойымен BRT желісінің құрылысы басталады

BRT желісі Тимирязевтен Райымбек батырға дейін ұзартылады

26-сәуірден бастап Алматыда Желтоқсан көшесі бойымен BRT желісінің құрылысы басталады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қоғамдық көлікті ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында ұзындығы 4,6 шақырым болатын BRT (Bus Rapid Transit) желісінің құрылысы Желтоқсан көшесінде басталады. Бұл жаңа жоғары жылдамдықтағы автобус жолағы Тимирязев көшесі бойындағы жұмыс істеп тұрған BRT желісін Райымбек батыр даңғылында салынып жатқан жаңа желімен байланыстырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көлік кептелісі мен автотұраққа байланысты туындаған жайтты шешу үшін BRT жолағы жолдың шетімен салынады. Яғни, солтүстік бағытта – жолдың оң жағымен, ал оңтүстік бағытта – сол жағымен өтеді. Жеке автокөлік қозғалысы үшін Абай даңғылынан солтүстікке қарай біржақты қозғалыс пен жолақтар саны сақталады.

 

Құрылыс қалай өтеді?

Құрылыста ешқандай ғимаратты бұзу және жолды кеңейту қарастырылмаған. Автобус аялдамалары мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділікті ескере отырып, арнайы платформада орналастырылады. Жоба аясында бағдаршам нысандарын жаңарту, көше жарығын жетілдіру, тротуарларды плиткамен қаптау арқылы жаяу жүргіншілер бөлігін жаңарту көзделген.

Жұмыс 26 сәуірде басталады. Алғашқы кезеңде инженерлік коммуникация, жиектастар мен арық жүйелері қайта орналастырылады. Бұл жұмыстар жолдың шетінде, көлік қозғалысын шектемей жүргізіледі.Маусымда жаңа асфальт төселіп, жол таңбалары сызылады. Жол жамылғысы толықтай жаңартылып, қозғалыс 36 сағатқа дейін ішінара шектеледі. Айналма жолдар мен уақыты алдын ала хабарланады. Жобаны аяқтау биылғы жылдың соңына жоспарланған.

Жұмыс кезінде жаяу жүргіншілер үшін қандай жайлы жағдай жасалады?

Жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жаңарту кезінде жөнделетін учаскелердің бойында айналма жолдар, арнайы қоршаулар, пандустар және жарық шағылыстыратын элементтер орнатылады.

Күтілетін нәтиже қандай?

Жобаның мақсаты — Тимирязев көшесіндегі қолданыстағы BRT желісін Райымбек батыр даңғылындағы салынып жатқан желімен біріктіру. Соның нәтижесінде BRT желісі шығыс-батыс қана емес, оңтүстік-солтүстік бағытындағы көлік байланысын да арттырады. Желтоқсан көшесіндегі автобустардың орташа жылдамдығы 40%-ға, ал жолаушылар легі 30%-ға артпақ.

 

Жаңалықтарды қайдан білуге болады?

Қолға алынған жұмыстар, көлік қозғалысындағы өзгерістер туралы ақпарат тұрақты түрде Almaty_Joly Telegram арнасы, қала әкімдігінің әлеуметтік желілері, сондай-ақ, 2GIS пен Яндекс карталары сервистері арқылы жарияланып отырады.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

KPI құрамына 2025 жылға арналған қалалар мен аудандардың ірі әрі маңызды жобалары енгізілді
Сотта блогердің ісі қайта қаралды
Бүгінгі брифинг Шымкенттегі мәдени өмірдің тағы бір белесіне қадам басқанын көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →