×

«Қолымыздан келгеннің бәрін істедік». СІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты пікір білдірді

Ендігі жұмыс Бас прокуратураның құзырында.

«Қолымыздан келгеннің бәрін істедік». СІМ Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты пікір білдірді
sputnik

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Смадияровтың айтуынша, Сыртқы істер министрлігі өз құзыреті аясында қажетті шараларды атқарып болған, ендігі жұмыстар Бас прокуратура тарапынан жалғасуда.

Министрлік тарапынан атқарылатын барлық шара орындалды. Бұдан кейін ақпарат алмасу мен басқа әрекеттер Бас прокуратура арқылы жүргізіледі, – деді ол.

Сонымен қатар ол Қазақстан консулдарының шетелде жазасын өтеп жатқан азаматтармен байланыста болатынын растады.

Біздің консулдардың жыл сайын шетелдегі қамауда отырған отандастарымызды барып көруі – қалыпты және жоспарлы жұмыс. Сондықтан бұл бағытта тиісті іс жүргізіліп жатыр, – деді министрлік өкілі.

Бұған дейін Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдан Қазақстанда жазасын өтеуге рұқсат сұраған ресми өтініш түскенін хабарлаған болатын.

2024 жылдың сәуір айында әлеуметтік желілерде Ақжарқынның экстрадицияланатыны туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл мәліметті Бас прокуратура ресми түрде растамады.

Еске салсақ, 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбай Алматыдан Қытайға сапарлаған. Оның айтуынша, Нигерия азаматы бар таныстары брендтік тауарларды Гуанчжоудан Малайзияға тасуға көмектесуді ұсынған. Алайда Гуанчжоудан ұшып бара жатқан сәтте оның жүгінен есірткі табылып, 2015 жылдың маусымында Қытайдың Гуандун провинциясындағы сот оны есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

  Іс-шараның басты мақсаты – жастарды еңбекке баулу және экологиялық мәдениетті дамыту
Әскери комиссариат баланың оқитыны турасында құжаттың нотариалды түрде расталған формасын талап еткен.
Шілде айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →