×

"Бұл — жай ғана бас тарту емес": Абай облысында ішімдіксіз ауыл пайда болды

Соңғы үш жыл ішінде Тана-мырза ауылында ішімдікке қатысты бірде-бір қылмыстық оқиға тіркелмеген

"Бұл — жай ғана бас тарту емес": Абай облысында ішімдіксіз ауыл пайда болды
Сурет: Бейнеден кадр/ Тана мырза ауылы

Абай облысында тағы бір ішімдіксіз ауыл пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 2025 жыл елімізде "Профилактика жылы" деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай ел аумағында қолға алынған "Алкогольсіз ауыл" жобасы шынайы нәтижесін бере бастады. Абай облысы Ақсуат ауданына қарасты Тана-мырза ауылында өткен алқалы жиында жергілікті тұрғындар, ақсақалдар кеңесі, белсенді азаматтар мен кәсіпкерлер бірлесе отырып, ауылды ресми түрде "алкогольден ада" деп жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл бастаманы көтерген жергілікті полиция бөліміне ауыл халқы бірауыздан қолдау білдіріп, алдағы уақытта да салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді атсалысатынын жеткізді. Бұл — ауыл жұртшылығының заңға деген құрметі мен қоғамдық жауапкершілігінің айқын дәлелі. Бүгінде Ақсуат ауданында осындай үш ауыл ішімдіксіз ауыл мәртебесін иеленіп отыр.” , – делінген ақпаратта. 

Ерекше атап өтерлігі, соңғы үш жыл ішінде Тана-мырза ауылында алкогольдік масаң күйде жасалған бірде-бір қылмыстық оқиға тіркелмеген.

“Бұл — жай ғана бас тарту емес. Бұл — ұрпақ қамы үшін, тыныштық пен амандық үшін қабылданған тарихи шешім, — дейді ауыл тұрғындары.

 Аталған жоба салауатты ұрпақ тәрбиелеу мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі қадам ретінде кеңінен қолдау табуда.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жол сапасын бақылайтын мекеме 6 жылдығын атап өтті
Бүгін, 11:45

Жол сапасын бақылайтын мекеме 6 жылдығын атап өтті

Олар бұл айтулы мерекені ерекше форматта өткізуді жөн көрген
Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған.
Маусым айынан қазақша жаңалықтар бес минутқа көбейіп, 20 минутқа жетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →