×

Жол сапасын бақылайтын мекеме 6 жылдығын атап өтті

Олар бұл айтулы мерекені ерекше форматта өткізуді жөн көрген

Жол сапасын бақылайтын мекеме 6 жылдығын атап өтті

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының ұжымы мекеменің құрылғанына 6 жыл толуына орай ерекше форматтағы іс-шара өткізіп, бір күнді табиғат аясында өткізуді жөн көрген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Филиал директоры Мәулен Тоқтарбайұлының бастамасымен ұйымдастырылған бұл шара барысында қызметкерлер әйгілі Медеу шатқалына барып, 841 баспалдақтан тұратын “Денсаулық” баспалдағы арқылы 1,5 шақырым биіктікке көтерілді.

“Ұжым бір күн бойы таза ауада тынығып, серуендеп, бір-бірімен жақынырақ аралассын дедік. Бұл – әрі рухани демалыс, әрі салауатты өмір салтын насихаттау. Мекеменің 6 жылдық мерейтойына орай осы ерекше күнді ұйымдастырдық,” – деді филиал басшысы.

Жоғары көтерілген жол сапасын бақылаушылар одан әрі шатқалдағы Горельник сынды бірнеше нысандарға да барды. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы осы жылдар ішінде еліміздің жол сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Орталықтың басты мақсаты – жол инфрақұрылымының сапасын заманауи технологиялар негізінде тексеріп, бақылау және басқару жүйелерін жетілдіру.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Бұл — жай ғана бас тарту емес": Абай облысында ішімдіксіз ауыл пайда болды
Бүгін, 11:35

"Бұл — жай ғана бас тарту емес": Абай облысында ішімдіксіз ауыл пайда болды

Соңғы үш жыл ішінде Тана-мырза ауылында ішімдікке қатысты бірде-бір қылмыстық оқиға тіркелмеген
Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған.
Маусым айынан қазақша жаңалықтар бес минутқа көбейіп, 20 минутқа жетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →