×

Қазақстанда 3 мыңнан аса ауылға жылдам интернет тартылатын болды

Жоба елдегі ауылдардың 99%-ын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек

Қазақстанда 3 мыңнан аса ауылға жылдам интернет тартылатын болды
Сурет: avito.ru

Елімізде 3 мыңнан астам ауылға жылдам интернет тартылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» мыңдаған ауылдарды интернетке қосу туралы инвестициялық келісімге қол қойды.

«Жоба 2027 жылдың соңына қарай елдегі ауылдардың 99%-ын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Енді таяу арада мектеп, аурухана, әкімшілік ғимарат, бюджеттік ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық кіру нүктелері мен мемлекеттік шекаралардағы 40-тан астам өткізу бекеттері желіге қол жеткізе алады. Ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық (88%) және жерсеріктік арналар (12%) арқылы желіге қосады», –  деп хабарлады Цифрлық даму министрлігі.

Құжатқа сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жобасын іске асыру жоспардан бір жыл ерте – 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал шалғай аудандардағы байланыс 2027 жылдың соңына дейін жерсеріктік байланыс арналарымен қамтамасыз етілмек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлытау облысында Президент Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды
Бүгін, 17:58

Ұлытау облысында Президент Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды

Жиын барысында облыстық цифрлық технологиялар басқармасы өңірде жүзеге асырылып жатқан бірнеше инновациялық жасанды интеллект жобалары туралы мәлімет берді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →