×

Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады

ҚР ТЖМ деректері бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ

Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады. ҚР Үкіметі осындай Қаулы қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленетін болады.

Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды. Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және «Қазселденқорғау» ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді», - делінген Үкіметтің ресми сайтында.

ҚР ТЖМ деректері бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ.

Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«1 млрд жымқырды». Қожапағановпен бірге айыпталып жатқан пиар маманы кім?
Бүгін, 16:21

«1 млрд жымқырды». Қожапағановпен бірге айыпталып жатқан пиар маманы кім?

Іс бойынша екінші айыпталушы – Ләззат Көккөзова сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Логотиптегі жазу латын қарпімен «Abai» деп жазылған, әрбір әріп терең мағыналық жүктемемен безендірілген:
Шетелдік жұмыс күшін қатыстыру үшін артықшылықтар – оңайлатылған квоталармен визалық режим қарастырылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →