Оның сөзінше, күйеуі аталған компанияда жұмыс істейді екен.
Әлеуметтік желі қолданушысы BI group компаниясы бейресми ұжымдық шараға қатыспағандардың жалақысынан ақша ұстап қалатынына шағымданды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Өйткені компанияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жиынға келмегендерге 256 мың теңге айыппұл салынады деген. Ол мұндай талап әділетсіз екенін айтып отыр.
Құрметті BI group басшылығы, корпоративтік кешіңізге қатыспаған қызметкерлердің жалақысын неге ұстайсыз? 21 маусымда Бурабайда 30 жылдық мерейтойға орай ауқымды іс-шараны жоспарлап отырсыз. Енді шараның толық құнын қызметкерден ұстап қалғыңыз келеді, - деп жазды желі қолданушысы.
Оның сөзінше, күйеуі аталған компанияда жұмыс істейді екен.