×

Назарбаев мектептерінің ата-аналары да Перизат Қайратқа ақша жинап берген

Ата-аналар комитетінің өкілдері 901 мың теңге көлеміндегі ақшаны қайтару туралы талапты толық қолдайтындарын айтты.

Назарбаев мектептерінің ата-аналары да Перизат Қайратқа ақша жинап берген
Фото: nisa.kz

Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналар комитеті Перизат Қайрат ісі бойынша жәбірленуші деп танылды. Комитет төрайымы Сәуле Куандыкова сотта куәлік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот процесі барысында комитет өкілдері бұл қаражатты су тасқынынан зардап шеккендер мен ерекше қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету үшін аударғанын айтады.

Біз бұл қаражатты ашық дереккөздер арқылы таратылған көмектесу үндеулеріне сеніп аудардық. Алайда ақша діттеген жеріне жетпесе, қайтарылуы керек, – деді ата-аналар комитетінің өкілі Сәуле Қуандықова сот залында. 

Ата-аналар комитетінің өкілдері 901 мың теңге көлеміндегі ақшаны қайтару туралы талапты толық қолдайтындарын айтты.

Қазір сотта қор өкілдеріне қаражат аударған жәбірленушілерден жауап алу жалғасып жатыр.

Айыптау тарапының мәліметінше, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева “Bizbirgemiz Qazaqstan 2030” қорын пайдаланып, қайырымдылыққа деп жиналған қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған. Тергеу нұсқасы бойынша, ақша шетелге сапарлар мен қымбат заттар алуға кеткен. Қордың өзі жалған ұйым ретінде тіркеліп, алаяқтық жолмен табыс алғандарды ақтау құралы болған.

Бұған дейін прокурор Перизат Қайраттың өзін қайырымдылықпен айналысатын тұлға ретінде көрсетіп, әлеуметтік желілерде белсенді түрде насихат жүргізгенін, танымал адамдарды, мүгедек балалар мен кәсіпкерлерді іс-шараларға тартқанын мәлімдеген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында жол сапасын жақсарту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр
Бүгін, 17:23

Алматы облысында жол сапасын жақсарту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр

Алматы облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрдайым басты назарда.
Бұл постқа пікір жазғандар да мұндай мәселенің бар екенін айтып жатыр.
Темекі тұтынатын ер адамдардың үлесі 34 пайызды құраған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →