×

Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр

Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.

Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр

Бұрынғы әкім әрі экс-шенеунік Ғалымжан Жақиянов қоғам назарында тағы да сынға ілікті. Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Facebook парақшасында оның бұрынғы серігі Төленнің өліміне байланысты ауыр айып тақты,деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ахметбек Нұрсиланың айтуынша, Төлен мен Ғалымжан бір кездері бірге бизнес бастаған. Олар Моңғолиядан кен орны алып, ортақ кәсіп жүргізген. Алайда кейін бұл серіктестік бұзылып, Төлен өз үлесін сатып шығуға келіскен. Бастапқыда екі тарап келіскенімен, бизнес сатылған соң, Ғалымжан Жақиянов уәдесін орындамай, Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.

«Бұл — 1937 жылғы арызқойлықтың заманауи көрінісі», – дейді Нұрсила.

Нұрсила бұл жағдай Төленнің денсаулығына кері әсер етіп, онкологиялық дертке шалдыққанына себеп болды деп отыр. Бірақ бұрынғы серіктері мұнымен тоқтамай, Төленді қудалауды жалғастырғанын айтады.

Жоғарғы сот төрағасының бұрынғы орынбасары Тагир Сисенбаев та бұл іске араласып, Төленге қарсы әрекеттер жасағаны айтылды. Кезінде бірге депутат болған ескі достардың арасы суып, Төленнің отбасына да қысым көрсетілген.

Тіпті Төлен қайтыс болғаннан кейін де, оның жесірі Алмаға мұрагерлік құқыққа байланысты арыз түсірген.

«Төленді тірісінде де, өлгеннен кейін де тыныш қалдырмадыңдар. Оның еңбегін отбасына қайтарыңдар. Ар алдындағы парыздарыңды өтеңдер», – деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Бұл жазба әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Қоғамда «ақша үшін достықты сату» мен «тасжүрек қоғамның шындығы» туралы пікірлер көп айтылып жатыр.

«Мынау сұмдық екен. Төлен марқұмды теледидардан көріп едім, сол кезде қатты ауырып жүргендей болды. Дауысы қарлығып, жарқыншақ шығып жүрді. Сірә, тамақ рагына шалдыққан сияқты», – деп жазды бір қолданушы.

Бұл оқиға көпшілікті ойландырды. Қоғамдық резонанс тудырған бұл айыптауларға қатысты Ғалымжан Жақияновтың немесе Тагир Сисенбаевтың жауабы әзірге жарияланған жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әйеліне 10 жыл қысым көрсетті деген экс-дипломат 6 жылға сотталды
Бүгін, 16:59

Әйеліне 10 жыл қысым көрсетті деген экс-дипломат 6 жылға сотталды

Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.
Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 
Алматы облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрдайым басты назарда.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →